"Жалықтырып жібереді". "Канело" титул біріктіретін жекпе-жектен бас тартты

© vRINGe.com
Орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) WBO чемпионы Деметриус Андрадемен белбеулер біріктіретін жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді, передает BoxingScene.

Мексикалықтың сөзінше, бұл жекпе-жек оны қызықтырмайды.

"Ол аты шықпаған қарсыластармен жұдырықтасқан және іш пыстырар боксшы. Мүмкін мықты да шығар, бірақ, зеріктіріп жібереді. Осыдан кейін жекпе-жектерім жалықтырады деп мені айыптайды. Маған қозғалыс көп жекпе-жектер ұнайды, көреремен ләззат алатындай. Бұл мен үшін маңызды. Оның үстіне, Андраде мен үшін сынақ емес", - дейді Альварес. 

Еске салайық, Альварес 2 қараша Лас-Вегаста өтетін келесі жекпе-жегінде жартылай ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен (34-3-1, 29 KO) жұдырықтасады.