"Жалдамалы баскесер" Сауль Альваресті Головкинмен жұдырықтасуға шақырды

Сурет: Sportnet

Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Рикки Хаттон мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-1-2, 36 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекті көргісі келетінін айтады.

"Альварес пен Головкиннің үшінші айқасын көргім келеді. Бұл тамаша шоу болады. "Канело" титулдарды біріктірсін (екінші орта салмақта), сосын Головкинмен трилогияға келісетін шығар. Сосын қайта көтеріліп, жартылай ауыр дивизионда әлем чемпионы бола алады. Меніңше, ол осы жолмен жүргісі келетін сияқты.

Сергей Ковалевті жеңгені оның жоғары салмаққа өтіп, қуатын сақтап қала алатынын көрсетті. Бастысы - мұра қылдырып, тарихқа кіру. Бірінші орта салмақтан бастап, жартылай ауыр дивизионға дейін титулдарды жеңіп алу, осыған себеп болары сөзсіз", - деп жазыпты Рикки Хаттон Metro басылымына.

Айта кетейік, британиялық Рикки Хаттон "Жалдамалы баскесер" (The Hitman) лақапатымен белгілі болған. Ол бірінші жартылай орта салмақта IBF, WBA, IBO және жартылай орта дивизионда WBA, IBO титулдарына ие болған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport