"Жақсы білемін - өте мықты". Өзбек боксшы қазақстандық Әбілхан Аманқұлмен жекпе-жек жайлы

Әбілхан аманқұл. Сурет: Данияр Майлыбаев
Әлемнің вице-чемпионы қазақстадық Әбілхан Аманқұл (75 келіге дейін) Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалында Өзбекстан боксшысы Фанат Кахрамановпен жұдырықтасады. Vesti.kz тілшісі 22 жастағы қазақ боксшысының қарсыласымен сұхбаттасты. 

Аманқұл мен Кахрамонов жекпе-жегі 8 наурыз Амманда өтеді.

"Өте мықты, оны жақсы білемін. Сыйлаймын. Өте тәжірибелі. Сол сияқты бола аламын деп үміттенемін. Жекпе-жекке дайындалып жатырмын. Әр кездесу сайын күшейіп, осы рингке бейімделіп келемін. Дайын боламын", - дейді өзбекстандық боксшы.