"Ит үреді, керуен көшеді". Головкин "Канелоның" зейнетке шығару туралы сөзіне пікір білдірді

© DAZN

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) оны "зейнетке шығару" туралы айтқан сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды Fightnews.info.

2017 жылдан бері спортшылар екі рет кездесу өткізген еді. Бірінде нәтиже тең болса, екіншісінде төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жетті. Ал жақында ғана Головкин мен Альварес араға үш жыл салып, бірінші рет бетпе-бет кездесті. Пресс-тур барысында "Канело" қазақстандықтың намысына тиетін сөздер айтып, одан бөлек сұқбаттарының бірінде оның мансабын аяқтауға уәде берді. 

"Канело" менің мансабымды аяқтаймын дегенде мен қандай сезімде боламын? Шынымды айтсам, ешқандай. Ит өреді, керуен көшеді деген бар. Оған не деймін? Мен оған тік қарадым. Айтқым келгенді айттым. Оған жаман нәрсе айтты деп қабылдаса, солай-ақ болсын. Бетпе-бет келгенде айтқысы келгенді айтуы керек еді. Ол кезде айта алмады ма, бәрі аяқталғаннан кейін айдаладағы камераға қарап, арттан сөйлеп... Көзбе-көз ол ештеңе дей алмайды", - дейді Головкин.

 
Трилогия 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде екінші орта салмақ шегінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport