Инсайдер Головкиннің миллиард долларлық келісімшарты бар промоутермен серіктестігі туралы хабарлады

© boxingscene.com
Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) британиялық промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды The Athletic инсайдері Майк Коппинджер.

"Эдди Хирн мен GGG бірге жұмыс істеп, ілгерлейтін болады, дейді The Athletic басылымының мәлімет көзі. Олардың серіктестігі туралы осы аптада Головкин - Деревянченко жекпе-жегіне қатысты Нью-Йоркте өтетін баспасөз мәслихатында айтылады. Орта салмақтағы жекпе-жек 5 қазан Madison Square Garden аренасында өтеді және DAZN платформасында көрсетіледі", - деп жазыпты Коппинджер.

Дегенмен Головкин мен Хирн серіктестігі қандай боатыны нақтыланбады. Британиялық өзге боксшылардың да екінші промоутері ретінде жұмыс істейді. 2018 жылы Хирн DAZN стриминг қызметімен сегіз жылдық келісімшартқа отырды, ол бойынша промоутерге тиесілі Matchroom компаниясы миллиард доллар алады.