Инсайдер Головкиннің чемпиондық белбеу үшін жекпе-жегінің соңғы жаңалықтарын айтты

© MMABoxing.ru
Америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджер қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) 5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы жекпе-жек бойынша келісімге келгенін айтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мәлімет көздері: Бір аптаға созылған келіссөздерден кейін Головкин мен Деревянченко 5 қазан MSG-де өтетін орта салмақтағы IBF титулы үшін жекпе-жегі бойынша келісімге келді. Бейсенбі Нью-Йоркте баспасөз мәслихаты өтеді, ол жерде Эдди Хирн GGG атынан шығады", - деп жазыпты Коппинджер твиттерде.




Еске салайық, Головкин - Деревянченко жекпе-жегіне Халықаралық бокс федерациясы (IBF) тамыз айының басында рұқсат берген. Ұйым чемпиондық белбеуді Сауль "Канело" Альварестен алып қойған еді. Мұның алдында украиналық жекпе-жекті ресми құлақтандырып, кейін ол жазбаны әлеуметтік желілерден өшіріп тастады

Осыдан кейін қазақстандық және украиналық боксшы келісімшарттың бүге-шүгесіне дейін талқылап, мақұлдағаны белгілі болды, келсімшарттың өзіне жуырда қол қойылады деп күтілуде. Осы екі ортада Головкин жаттығу лагерін бастап кеткенін хабарлады.