IBF белбеуден бас тартқан Головкинге қатысты шешім шығарды

©danrafael.substack.com

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта міндетті қарсылас бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жұдырықтасудан бас тартып, белбеуді босатқан Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) рейтингтен шығарылды. 

Енді рейтингте бірінші Фалькао, екінші аустралиялық Майкл Зерафа (31-4, 19 КО), ал үшінші германиялық Винченцо Гуальтьери (20-0-1, 7 КО) тұр.

Ал орта дивизиондағы IBF белбеуі әзірге бос тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport