IBA қазақ боксшының финалдағы айқас техникасына тамсанды

©baigenews.kz

IBA қазақстандық Махмұт Сабырханның Ташкентте өткен әлем чемпионаты финалындағы техникасын атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

54 келі салмақтағы турнирдің ақтық айқасында Махмұт өзбекстандық Ойбек Джураевпен жұдырықтасты. Үшінші раундта қазақ боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Осылайша, төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жеткен Махмұт Сабырхан әлем чемпионы атанды. 

"Прессинг пен техникаға қараңыздаршы", - деп жазыпты IBA Instagram желісіндегі ресми аккаунтында жариялаған видеоға. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport