"Халқымыз бен мәдениетімізді қорлады". Нью-Йорктегі қазақ полицей "Борат" фильміне қатысты

Сурет: instagram.com/dimash.niyazov
Кәсіпқой бокста өнер көрсететін Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов "Борат" фильмінің екінші бөліміне қатысты митинг ұйымдастырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Митинг Нью-Йорктің адам көп жүретін жері - Times Square-де болды. Ұйымдастырушылардың бірі, америкалық қазақ полицейі Димаш Ниязов Instagram желісіндегі парақшасында суретін бөлісті. 



"Өтіп жатқан адамдардың көбі басында не мәселе екенін түсінбеді. Олар бұл жай ғана кино деп ойлайды, сондықтан біздің неге наразы екенімізді түсінбеді. Көбі келіп, сұрап, бірге суретке түсті, міне осы адамдарға бұл фильм неге біздің мәдениет пен халқымызды, елімізді қорлағанын түсіндірдік. Сосын олар "Борат" жалған екеніне көзі жетіп, бізді қолдады. Жалпы, шерудің оңды жағы көп болды деген ойдамын", - дейді Ниязов.