Головкиннің сыңары атанған қазақ боксшы "Канело" промоутерлерінің кешінде жеңіске жетті

Бейсенбі Насиуллаұлы (оң жақта) мен Сауль Корраль. Сурет: Team M23
Қытайда дүниеге келген этникалық қазақ Бейсенбі Насиуллаұлы (16-3-1, 6 КО) АҚШ-тағы жекпе-жегінде мексикалық Сауль Корральді (31-15, 20 КО) жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Индио қаласындағы Fantasy Springs аренасында өткен бокс кешінде қазақ боксшы бірінші жартылай ота салмақта сегіз раунд жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде америкалық Эндрю Канчио (21-5-2, 16 КО) никарагуалық Рене Альварадодан (32-8, 21 КО) нокаутпен жеңіліп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBA (Regular) бебеуінен айырылды. 

Канчио - Альварадо бокс кеші DAZN стриминг қызметімен трансляцияланды. Бұл шоуды Golden Boy промоутерлік компаниясы ұйымдастырды. Бұл компанияның ең атақты боксшысы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО).

25 жастағы Насиуллаұлы кәсіпқой рингкте 2015 жылы өнер көрсете бастады, ал 2017 жылы алғаш рет Қытайдан тыс жұдырықтасып, Жапонияда жеңілді. АҚШ құрлығында ол 2018 жылы жекпе-жек өткізіп, ганалық Фредрик Лоусоннан (28-2, 11 КО) жеңілді.

2016 жылы британиялық Boxingmonthly.com  басылымы Насиуллаұлын атақты Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) сыңары деп атады.