Головкиннің ісін жүргізетін промоутер әлемнің абсолют чемпионымен келісімшарт жасады

Сурет: newsbeezer.com
Белгілі британиялық промоутер Эдди Хирн [Matchroom Boxing] Сесилия Брекхустың ісін жүргізе бастады, деп хабарлайды allboxing.ru.

Норвегиялық боксшы жартылай орта салмақта әлемің абсолют чемпионы.

38 жастағы Брекхус барлық титулдарды 2014 жылы біріктірген. Былтыр ол белбеулерін үш рет қорғаған, ал биыл рингке шықпады.

Брехус жақында бапкер ауыстырды - Геннадий Головкинді жаттықтыратын Джонатан Бэнкстен қазақстандықтың бұрынғы бапкері Абель Санческе барған.

Ал Хирн Головкинмен бірге жұмыс істей бастағанын айта кетейік, промоутер украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жекті ұйымдастырды.