Головкиннің жеке капиталы мен "Канелоға" қарсы кездесулері үшін алған сыйақы мөлшері туралы айтылды

Геннадий Головкин. Фото: DAZN©

Boxingnews24.com шолушысы Энджел Флауэрс қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) кәсіпқой рингте қанша қаражат тапқаны және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (55-1-2, 37 КО) болған кездесулерінде қанша сыйақы алғаны туралы айтты.

"Өз қоржынындағы қаржының 90 пайыздан астамын Головкин Сауль Альвараспен болған екі кездесуде жасады. 

Естуіміз бойынша, Головкиннің өз капиталы қазір 30-35 миллион доллар шамасында деп бағалануда. Ал, "Канеломен" болған екі кездесу оның қалтасына 37 миллион доллар әкелген еді.

Айта кетейік, Альварес түрік Авни Йылдырыммен болған соңғы кездесуінде 20 миллион доллар сыйақы алды. Британдық Каллум Смитпен өткен жекпе-жекте де сол шамалас қаражатты қанжығасына байлады" - дейді Флауэрс. 

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесулер АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 2017 және 2018 жылдары өткен болатын. Бірінші жекпе-жек тең аяқталса, екіншісінде төрешілердің шешімі бойынша жеңіс мексикалықта кеткен еді. 

Метки: