Головкиннің экс қарсыласы "Канело" - Бивол айқасына әділ бағасын берді

©matchroom boxing

Сауль "Канело" Альварес және Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Дэниэл Джейкобс мексикалық боксшының жартылай ауыр салмақта WBA Super чемпионы Дмитрий Биволдан жеңілгеніне қатысты ойын айтты.

"Бұл тамаша жекпе-жек болды. Мен оны тамашаладым және бұл айқасқа комментатор болдым. Төрешілер әділ шешім шығарды ма? Меніңше, иә. Басым түскен раундтар бойынша дауласуға болады, бірақ, мен кім мықты сол жеңді деген ойдамын. 

Бивол "Канелоны" қарымтада жеңе ала ма? Иә, егер ол мұны бір істесе, қайтадан жеңіске жете алады деп сенемін", - деп береді Джейкобстың сөзін Fightnews.info порталы FightHype.com YouTube арнасына сілтеме жасап. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport