Головкиннің экс бапкері "Канелоның" кемшілігін ашық айтты

21 қыркүйек 2022 09:36
©ESPN

Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес трилогияны көргеннен кейін Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 37 КО) деңгейін көтермеген деген ой қортты, деп хабарлайды vRINGe.com басылымы Fight Hub TV арнасына сілтеме жасап. 

"Сол бұрынғысы. "Канело" он раунд, енді нақты тоғыз раундта басым болды. Бірінші айқастағы Геннадий трилогиядағы "Канелоны" жоқ қылатын еді. Саульдің істеп жатқаны - бір нәрсені қайталай береді. Өзгеріс, ілгерлеу жоқ. 

Биволмен жекпе-жекте ол шаршап қалды, ал Головкинмен екі айқаста шаршамаған. Себеп неде? Жеткілікті түрде спарринг жасамайды? Сен жоғары деңгейдесің ғой. Демек бейімделе алуың керек", - дейді Санчес. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport