Головкиннің бұрынғы қарсыласы карьерасын аяқтады

©instagram.com/davidlemieuxboxing/

Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) бұрынғы қарсыласы Давид Лемье (43-5, 36 КО) мансабын аяқтау туралы шешімін түсіндірді, деп хабарлайды vRINGe.com.

2015 жылы Лемье сегізінші раундта техникалық нокаутпен GGG-ден жеңілген еді.  

"Мен біраз жетістікке жеттім. Чемпион болсам деген арманымды орындадым. Жанкүйерлерге түрлі эмоциялар сыйлаған жақсы жекпе-жектер өткіздім. Өмірімді жаттығу, боксқа арнадым. Енді әр сәтімді отбасыммен өткізгім келеді. Командама рақмет, жанкүейерлерге мың алғыс!", - дейді Лемье.

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 3 тамызында Лемьенің әкесінің біреудің қолынан қаза тапқаны белгілі болды. Монреальдық басылымның ақпаратына сенсек, қашық емес жерде тұратын екі ер адамды кешкі уақытта бір сағат ішінде атып өлтірілген. Қылмыстың өзара байланысы бар болуы мүмкін. Бірінші қаза тапқан 64 жастағы ер адам - Андре Фернан Лемье, боксшының әкесі.

 Канадалық боксшы өзінің соңғы кездесуін 2022 жылдың мамырында өткізіп, Давид Бенавидеске есе жіберді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport