Головкиннің артынан ресейлік нокаутшы Гассиев те Абель Санчестен кетті

Сурет: AFP
Тегі мексикалық бапкер Абель Санчес ресейлік Мурат Гассиевті (26-1, 19 КО) ауыр салмақтағы бірінші жекпе-жегіне дайындамайтын болды. Дегенмен боксшыға кейін маманның көмегі қажет болуы мүмкін, - деп хабарлайды Р-Спорт.

Гассиев 31 қазан Сочиде америкалық Кевин Джонсонмен (35-17-1, 19 КО) жұдырықтасады, ресейлік боксшы Санчесте 2014 жылдан бері жаттыққан.

Алайда Гассиевке Санчестің Америкадағы базасы мен спарринг серіктер бойынша көмегі қажет болса, боксшының командасы бапкермен қайта жұмыс істеуге дайын. Гассиев бапкермен жаттығуын тоқтатқанымен, онымен ара-қатынасын үзбепті.

Гассиев 2018 жылы Мәскеуде Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалында украиналық Александр Усиктен жеңілгелі рингке шыққан жоқ.

Еске салайық, былтыр көктемде қазақстандық Геннадий Головкин де тоғыз жылдан кейін Санчестен кетіп, Джонатан Бэнкстің көмегіне жүгінген.