Головкиннің әлем чемпионы титулы үшін қарсыласы жекпе-жек туралы жазбасын өшірді

Сурет: instagram.com/sergiy.derevyanchenko
Қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек күні мен орнын ресми жариялаған украиналық боксшы Сергей Деревянченко жазбасын өшіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өшірілген жазбасында украиналық боксшы жекпе-жектің 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтетінін жазған. Айта кетсек, бұл рингте қазақстандық осы жылдың маусым айында канадалық Стив Роллсты DAZN дебютінде нокаутқа түсірген.

Бұл жекпе-жекте орташа салмақтағы IBF бос белбеуі тұр. Кездесу туралы Деревянченконың әлеуметтік желілердегі жазбасында жекпе-жек постерін, Украина мен Қазақстан тулары бар эмоджиін, сондай-ақ, Нью-Йорктің символы - Бостандық ескерткішін жариялаған.