"Головкиннен кейінгі ең қауіптісі". Шетелдік журналист "Канелоның" Ковалевпен жекпе-жегі туралы

10 қыркүйек 2019 11:23
© DAZN
Ресейлік Сергей Ковалевпен жекпе-жек мексикалық Сауль "Канело" Альварес үшін қазақстандық Геннадий Головкиннен кейін ең ауыр сын болады. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында америкалық Delcotimes.com порталының журналисті Джек МакКаферри осындай пікір білдірді. 

Инсайдерлік ақпарат бойынша, Ковалев - "Канело" жекпе-жегі 2 қараша Лас-Вегаста өтеді. БАҚ-та бұл кездесу туралы ресми түрде келесі аптада жарияланатыны хабарланған

"Тамаша жекпе-жек болады. Уордпен жұдырықтасқан кездегідей болмаса да, ол кезде Ковалев өз шыңында еді, ол "Канело" үшін айтарлықтай қауіпті. Бұл Головкиннен кейінгі ең қауіпті қарсылас. Оның джебтері үлкен қиындықтар тудырады деген ойдамын.

Дегенмен: Ярдпен соңғы жекпе-жек Ковалевті әбден титықтатты. Ол әлсіреді - бұл "Канело" үшін ұтымды сәт. Оның шыдамдылығы, текхинкасы мен жылдамдығын есепке алсақ, Ковалевтің мүмкіндігі азая түседі. Меніңше, "Канело" жеңеді, бірақ, теңдей жұдырықтасқанға ұқсас болады", - деп атап өтті МакКаферри.

Еске салайық, жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын Ковалев 24 тамызда Энтони Ярдты 11-ші раундта нокаутпен жеңді. Осыдан кейін ол Альвареспен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.