Головкинмен трилогиядан бас тартқан "Канело" келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Орта және екінші орта салмақта чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) келесі жекпе-жегіне дайындалу үшін жаттығу залына оралды. 

Боксшы Instagram желісінде соққысын жаттықтырп жатқан видео жариялады.



"Канелоның" рингке оралуы қарашаға белгіленген. Дегенмен мексикалықтың қарсыласы мен жекпе-жек өтетін орны анықталған жоқ.

Сонымен бірге, Альварес жартылай ауыр дивизионда WBO чемпионы Сергей Ковалев (33-3-1, 28 KO) пен британиялық Энтони Ярдпен (18-0, 17 КО) 24 тамыз Ресейде өтетін жекпе-жегінің немен аяқталарын күтуде. Ресейлік жеңсе, Альварес онымен жартылай ауыр салмақта жұдырықтаспақ.