Головкинмен бірге жаттыққан абсолют нокаутшы Мексиканы дүркіретті

Сурет: Gottstat.com
Бірінші орта салмақтағы украиналық проспект Сергей Богачук Мексикада жанкүйерлерді тамсандырды,- деп хабарлайды vRinge.com.

Он сегіз кездесуінің бәрін нокаутпен аяқтаған украиналық боксшы Мексикада жергілікті Алехандро Давиланы (21-2-2, 8 КО) алтыншы раундтаа берілуге мәжбүр еткен. Бұл бокс кеші қыркүйекте өткен еді.  Жекпе-жекті бұл елде Grupo SIPSE TV трансляциялады.

"Богачук vs Давила - біздің елдегі рейтингі өте жоғары шоулардың бірі болды. Түскен табыс көңілімізден шықты, болашақта да Сергеймен іс жүргіземіз деген үміттеміз. Богачуктың оралуын асыға күтеміз", - дейді компания өкілі.

Айта кетейік, Богачук пен қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері - Том Леффлер. Бұрын боксшылар Абель Санчесте бірге жаттыққан, алайда, екеуі де маманмен қош айтысты.

"Сергей Мексикада жекпе-жекке дейін де көп жұмыс істеп, жарнамасын жақсы жүргізді. Мексикалық БАҚ өкілдерімен көп сұхбаттасты. Ол жердегі жанкүйерлер риза екенін көрдік. Сол себепті де ол тамаша перформанс көрсетті, Давиланы алтыншы раундта тоқтатып тастады. Енді ұйым Сергейдің келесі жекпе-жегімен айналысуда. Ол жақында рингке оралады. Ал Мексикаға міндетті түрде ораламыз", - дейді Леффлер.