"Головкинге қарсы барын салған...". Әлем чемпионы "Канело" Сондерсті ненің арқасында жеңгенін айтты

Сурет: CBS Sports

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (30-0, 18 KO) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) британиялық Билли Джо Сондерске (30-1, 14 КО) қарсы жекпе-жегі таңқаларлықтай болмағанын айтады. 

"Бұл "Канелоның" ең мықты жұдырықтасуы болды демес едім. Ол шығып тамаша бірдеңе жасаған жоқ. Ол Головкинге қарсы жекпе-жекте барын салды. Екіншісінде жақсырақ тырысты. Бірінші айқаста "Канело" жеңілді, ал екіншісінде өзінің өскенін көрсетті. 

Алайда Сондерспен жекпе-жегі тамаша болды деп айта алмаймын. Альварес Сондерсті бұрын жасаған сұмдық комбинациялар және соққылармен ұрмады. 

"Канело" әуесқой бокс көрсетіп жүрген жігітпен жұдырықтасты десе болады, қарсыласы алға иіле берді, өзгеріссіз бір нәрсені қайталай берді. "Канелоның" жекпе-жекке жақсы жоспары болды. Ол оң жақтан бас пен денеден соққы жасай берді және апперкот ұрып отырды. Билли Джо еңкейе бергендіктен, соққыларға қарсы келе берді. Ақыры ауыр соққы өткізіп алды", - деп береді Андраденің сөзін Boxingnews24.com.