"Головкинге жанкүйермін, бірақ...". Шешен файтер "Канелоның" мықтылығын мойындады

15 қыркүйек 2022 09:07
©instagram.com/canelo

Шешенстандық файтер Юсуф Раисов мексикалық Сауль "Канело" Альварес және Геннадий Головкин айқасына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "Спорт-Экспресс" сайты Metaratings.ru порталына сілтеме жасап. 

"Фаворит - Сауль, бірақ, көптен бері Головкинге жанкүйермін. Ол маған адам ретінде ұнайды. Альварес те ұнайтын, алайда, бірде өзін айқасқа шақырған Демериус Андраденің әкесіне тіл тигізгені бар. Содан бері оған құрметім жоғалды. Бірақ мықты боксшы екені сөзсіз. Ол Головкиннен жас. Сондықтан басымдығы бар. Жекпе-жек мексикалықтың пайдасына төрешілер шешімімен аяқталатын шығар", - дейді Раисов.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport