Головкинге әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегіне төленетін гонорары айтылды

© DAZN
5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасында қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) жұдырықтасады.

Бұл жекпе-жекке орта салмақта бос қалған IBF белбеуі тігіледі. Кездесуді DAZN стриминг қызметі тікелей трансляциялайды.

Инсайдер Майк Коппинджердің (The Athletic) ақпаратынша, бұл жекпе-жек үшін Деревянченко бес миллион доллардан астам алады, бұл оның карьерасындағы рекордты гонорар.

Ал Головкин қанша алатынын чекте көрсетілмеген, алайда, оған сегіз санды кепілді сомма төленетіні белгілі болды.

Головкинмен трилогиядан бас тартқан "Канело" келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады

Бұл Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша екінші жекпе-жегі. Платформадағы алғашқы кездесуін GGG маусымда өткізіп, MSG аренасында канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутпен жеңген.