"Головкинді кеудеден итере алмады". Промоутер GGG "Канелоны" қалай қорқытқаны жайлы

24 қыркүйек 2021 11:40
©The Irish Sun

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер баспасөз мәслихатындағы мексикалық Сауль "Канело" Альварес және Калеб Плант арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Көзарбасу кезінде "Канело" америкалық боксшының кеудесінен итеріп жіберді. Осыдан кейін Плант оны ұрмақ болды да, төбелес басталып кетті. Леффлердің сөзінше, GGG-мен Альварес мұндай істей алмайтын еді. 

"Кеше баспасөз мәслихатындағы "Канело" мен Калеб Планттың төбелесін көрдім. GGG екі рет "Канеломен" жұдырықтасқанда, олар бір-бірін тілмен талай шақты. Дегенмен "Канело" Головкиннің кеудесінен итермеген дұрыс екенін білді, өйткені, мұндай әрекеттің аяғы ол үшін жаман болуы мүмкін еді. Бұл айқастың отшашуын күтемін, қызықты болу керек", - деп жазыпты Леффлер твиттерде. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport