Головкинді Қазақстанда жекпе-жекке шақырған Сондерс жаңа промоутермен келісімшартқа отырды

© mmaboxing.ru
Екінші орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) келісімшартқа отырды. Бұл туралы ESPN спорт арнасы мәлімет көзіне сілтеме жасап хабарлап отыр.

2 тамызда британиялық боксшы 2009 жылы кәсіпқой боксқа келгелі жұмыс істеген промоутер Фрэнк Уорреннен кететінін мәлімдеген. Тараптар келісімшартты екі жақты келісіммен үзіп, жақсы қарым-қатынаста қалғанын айтады.

Хирнмен келісімшарт Сондерске WBA (Super) белбеуіне ие отандасы Каллум Смитпен (26-0, 19 КО) жұдырықтасуға мүмкіндік береді, бұл боксшының да ісін Matchroom компаниясы жүргізеді.

Хирн твиттер арқылы баспасөз мәслихаты сейсенбі, 13 тамызда өтетінін құлақтандырды. Мұның алдында промоутер Сондерспен келісімшарт жасасқысы келетінін айтқан.




Еске салайық, шілденің басында Сондерс Қазақстанда болды. Нұр-Сұлтанда өткен бокс кешінде британиялық боксшы рингке шығып, қазақстандық Геннадий Головкинге (39-1-1, 35 КО) "Барыс-аренада" жұдырықтасуды ұсынып, жекпе-жекке шақырған еді.

Сондерс соңғы рет 18 мамырда Шефат Исуфимен (27-4-2, 34 КО) жұдырықтасқан. Германиялық боксшының төрешілер шешімімен жеңген британиялық бос болған WBO белбеуін иеленді.