Головкинді жеңіп Юбенк үлкен айқастарға жол ашады - промоутер

Сурет: HBO Boxing

Жартылай жеңіл салмақта бокстан бұрынғы әлем чемпионы, ал қазір промоутер Барри МакГиган британиялық Крис Юбенк ең мықты боксшылармен жұдырықтаса алатынын айтады. 

"Орта салмақтағы төрт чемпион арасында Юбенктің Геннадий Головкин, Рета Мурата мен Джермалл Чарлоға қарсы жақсы мүмкіндігі бар. Ал WBO чемпионы Деметриус Андрадені жеңу үшін шабуылды жақсырақ бастауды үйрену керек. 

IBF патшасы GGG - ол үшін жақсы қарсылас. Ол 38 жаста. Әуесқой мен кәсіпқойда өткізген осынша жекпе-жектен кейін Головкин жақсара түспес. GGG-ді жеңіп, Юбенк белбеу біріктіретін үлкен айқастарға жол ашады.

Қалай дегенмен, Юбенк WBA чемпионы Муратаны жеңе алады деп ойлаймын. WBC титулына ие Чарломен теңдей түседі. Андраде - джебі мықты, епті боксшы, Юбенк үшін қиындау қарсылас", - деп береді МакГиганның сөзін Boxing-social.com.