Головкин Санчеспен ат кекілін үзісудің нақты себебін атады

© boxingscene.com
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) ESPN MMA шоуының қонағы болып, түрлі сұрақтарға жауап берді. 

Энтони Джошуа - Энди Руис жекпе-жегі туралы: Бұл маған таң болған жоқ. Өйткені бокс - үлкен бизнес. Эндиді көптен білем. Бәрінде мүмкіндік бар.

- Сенің ойыңша, Джошуаның қателіктері?
- Ештеңені дұрыс істемеді. Бірінші ойым: "Америкаға қош келдің". Дұрыс бағаламаған сияқты. Ол супер жұлдыз болып, Америкаға келіп... Бірақ бұл жауапты іс: қарсыласты сыйламауға болмайды. Ал Энди жақсы боксшы. Қауіпті жекпе-жек болды.

Роллспен осы оқиға қайталануы мүмкін бе деген сұраққа жауап: Менімен мұндай болмайды, өйткені бұл жауапты іс екенін жүз пайызға сезінемін. Роллстың жағдайы Руистікіндей: рекорды жақсы, жеңіске ғана жеткісі келеді, бұл оның ең үлкен мүмкіндігі екенін түсінеді.

- Роллс туралы бұрын не білетін едің?
- Өте аз. Шамамен, бес пайыз. Аты мен рекордын ғана білетінмін. Бірақ оның кәсіпқой боксшы екені маңызыдырақ.

- Неге дәл соны таңдадың?
- Бұл менің ғана шешімім емес. Ол Канадалық, ал DAZN ол нарықты игергісі келеді.

- Жеңілістен кейін оралып тұрсың, қысым бар ма?
- Жоқ, өзімді жақсы сезінемін, қысым жоқ. Бәрі жақсы.

Абеляь Санчестен кетіп, бапкер ауыстыру туралы : Ол (Санчес) менімен жұмыс істегісі келмеді. Сондықтан Джонатан Бэнксті алдым. Санчеспен неге қош айтыстым? Келешекке көзқарастарымыз басқаша. Неге Бэнкс? Онда маған қажетті тәжірибе бар.

- Санчестің айтқандары көңіліңе тиді ме?
- Аса емес, бұрыннан таныған соң. Бұл оның көзқарасы. Ал мен алғысымды айтып, кете бердім.

- "Канеломен" соңғы жекпе-жекті жеңгеніңде Санчеспен қалар ма едің?
- Білмеймін, бірақ, мен өзгеріс қаладым. Ары қарай жаңа дүниелер үйрену. Ілгерлегім келді. Санчес болса, екі жекпе-жекті ұтқанымды және ештеңе өзгертудің қажеті жоғын айтатын. Ал мен жаңашылдықты қаладым.



- Роллсты жеңсең, қыркүйекте "Канеломен" жұдырықтасуыңа кепіл бар ма?
- Солай деп ойлаймын. Әзірге бар назарым Роллста. Егер жеңсем, "Канеломен" жекпе-жек болатынына 99 пайыз сенімдімін. Мұны бәрі қалайды, мен ғана емес. Оның үстіне қаржы жағынан да тиімді.

- Жекпе-жек Невадада өткенін қалайсың ба?
- Нью-Йорк, Madison Square Garden - "Бокс Меккесі", маған бұл ұнайды. Бәрі Нью-Йоркте жұдырықтасқысы келеді. Мұндағы атмосфера тамаша, боксты сүйетіндер көп.

АҚШ-қа көшу жайлы: менің отбасым мен карьерам үшін қолайлы орын.

- Қазақстаннан АҚШ-қа көшкеніңде жанкүйерлер ренжіді ме?
- Нағыз жанкүйерлер үнемі қолдайды. Олар Қазақстанның байрағы дайым жанымда екенін біледі. Басқаша мен бұл деңгейге жете алмасымды түсінеді. АҚШ-қа көшпесем, әлем чемпионы бола алмас едім.

- Адамдар "Борат" фильмінен кейін Қазақстанға күлді. Ұлтқа деген көзқарасты өзгерте алдың ба?
- Жанкүйерлеріме рахмет, енді Қазақстан жайлы көзқарас басқа, "Борат" немесе басқаша емес. Өзгерте алдым деген ойдамын.

ММА жайында: Иә, ММА көргенді ұнатамын. Бірақ сүйікті бір файтерім жоқ. Барлығы әртүрлі. Орта және аса ауыр салмақты тамашалаймын... Конор, Хабиб... Олар тым көп.



- ММА-ге ауысу туралы ойламадың ба?
- Білесіз бе, бір-ек рет Қазақстанда достарыммен ММА-мен айналысып көргенмін. Бұл мүлде басқа спорт. Маған тағы күрес, джиу-джитсу, муай-тай да ұнайды. Бірақ муай-тай ауыр, ал - бокс жеңілдеу көрінді.

Карьерасы туралы (қанша жыл қалды): DAZN-мен алты жекпе-жекке келісімшарт бар. Сондықтан кемі үш жыл.

- Келісімшарт аяқталған соң, тағы біреуіне қол қоясың ба?
- БІлмеймін, ешкім білмейді. Мен қазір 40 жасында да тамаша жүрген Мэнни Пакьяо немесе Флойд Мэйвезер сияқтымын.