Головкин салмағындағы әлем чемпионының келесі жекпе-жегі ресми құлақтандырылды

13 желтоқсан 2019 12:18
© Fightnews.info
Орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (28-0, 17 КО) келесі жекпе-жегін ирландиялық үміткер Люк Килермен (17-2-1, 5 KO) өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек туралы Matchroom Boxing және DAZN стриминг қызметі ресми құлақтандырды. Кездесу 30 қаңтар Майамиде өтеді.

Еске салайық, Андраде 29 маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде польшалық Мацей Сулецкиді (28-2, 11 КО) жеңіп, 2018 жылдан иеленіп келе жатқан белбеуін екінші рет қорғады.