Головкин салмағына өтетін әлемнің бұрынғы чемпионы "Канелодан" мықты екенін мәлімдеді

13 желтоқсан 2019 13:07
© fightnews.info
Жартылай орта салмақта WBO чемпионы Теренс Кроуфорд мексикалық Сауль "Канело" Альваресті ең мықты спортшылар рейтингінде бірінші еткен The Ring журналы редакциясының пікірімен келіспейді, - деп хабарлайды Вoxingnews24.com

"Бұл жігіттердің ешбірі осы уақытта менен асып тұрған жоқ. Ковалев мұның алдында да нокаутқа түскен, сондықтан Альварес бұрын ешкім көрмеген ештеңе жасаған жоқ. 

Ал мен рингке әлемдегі ең тамаша шоу көрсетуге шығамын, міне сондықтан мен ол жігіттердің бәрінен жоғарымын", - дейді Кроуфорд рейтингте "Канело" мен Ломаченко өзінен жоғары тұрғанына қатысты. 

The Ring журналының салмағына қарамастан үздік саналатын боксшылар рейтингі:

1. Сауль Альварес
2. Василий Ломаченко
3. Наоя Иноуэ
4. Теренс Кроуфорд
5. Александр Усик
6. Эррол Спенс
7. Геннадий Головкин
8. Хуан Франциско Эстрада
9. Aртур Бетербиев
10. Мэнни Паккьяо.

Айта кетейік, Теренс Кроуфорд 2017 жылы төрт негізгі белбеуді иеленіп, әлемнің абсолют чемпионы болған. Ал кеше америкалық боксшы орта салмаққа өтетінін мәлімдеді.