Головкин промоутері әлемнің мықты боксшыларын DAZN-ге тартатын амал тапты

  © XSPORT.ua
Промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) төрт салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Майки Гарсиямен (39-1, 30 КО) ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қоймақ.

Инсайдер Майка Коппинджердің (The Athletic) мәліметінше, қазір келіссөз жүріп жатыр - келісім бойынша бірінші жекпе-жек 2020 жылы екі дивизионда әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Джесси Варгасқа (29-2-2, 11 КО) қарсы болады. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек DAZN стриминг қызметімен трансляцияланады.

Коппинджердің инсайдын Sports Illustrated журналисті Крис Манникс толықтырып отыр. Оның сөзінше, Хирн Гарсиямен арадағы келісімшарт арқылы басқа да мықты боксшыларды Matchroom Boxing мен DAZN-мен серіктестікке қызықтырмақ.

Айта кетейік, Хирн біраз уақыттан бері қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) де ісін жүргізіп келеді