"Головкин немесе "Канеломен" жұдырықтасудан да ауыр". Сондерс ең қауіпті боксшыны атады

© ringside24.com
Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) осы дивизионда WBA (Super) белбеуіне ие отандасы Каллум Смитке (26-0, 19 КО) қарсы болуы мүмкін жекпе-жекке қатысты пікірін айты, - деп хабарлайды Boxing News.

Сондерстің ойынша, бұл кездесу орта дивизион көшбасшылары мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) немесе Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) жұдырықтасудан да ауыр болуы мүмкін.

"Смитпен жекпе-жек "Канело" немесе Головкинмен жұдырықтасудан да ауыр, оның аты осынша танымал болмаса да. Ол ірі және дағдылары қалыптасқан боксшы. Оның стилі мен ірілігіне байланысты онымен жұдырықтасу қиынға соғады. Бірақ оның мен білетін кемшіліктері бар", - дейді Сондерс. 

Сондерс Головкиннің әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жегі немен бітерін айтты

Жақында британиялық боксшы промоутерін ауыстырып, Mathroom Boxing компаниясымен келісімшартқа отырды. Енді оның жекпе-жектері DAZN платформасында көрсетіледі. Сондерс мұндай қадамға осы стриминг қызметіндегі Головкин және "Канеломен" жекпе-жектер үшін барғанын мойындады. 

"Бос сылтаудан жалықтым". Сондерс "Канело" мен Головкинді ашық ескертті