Головкин немесе "Канело"? DAZN өзінің басты жұлдызын атады

© reviewjournal.com
DAZN стриминг қызметі америкалық нарықта бизнесті орта және екінші орта салмақта чемпион мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (52-1-2, 35 КО) сүйеніп жүргізбек. Бұл туралы BoxingScene порталына компанияның жоғары шенді қызметкері мәлімдеді.

"DAZN үшін АҚШ-та келесі ең маңызды жекпе-жек Альварестікі. "Канело" - бұл елде өзінше Леброн. Джошуа - Дюрант сияқты. Дюрант - тамаша, бірақ, ол Леброн емес. Бір ғана супержұлдыз бар, ол "Канело" Альварес", - дейді DAZN жетекшісі.

Альварес 2018 жылы қазанда DAZN платформасымен бес жылда 11 жекпе-жек өткізу туралы келісімшарт жасасқан, келісім құны 265 миллион доллар. Алғашқы екі жекпе-жекті мексикалық боксшы өткізді, одан "Канело" 50 миллион доллар табыс көрді.