Головкин мен "Канело" айқас алдында бетпе-бет келді

©instagram.com/gggboxing/

Қазақтандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) 2018 жылдың қыркүйек айынан бері бірінші рет кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар үшінші айқасқа арналған пресс-тур барысында Лос-Анджелесте баспасөз мәслихатын өткізіп, көз арбасты. 

Спортшылар бір минуттан аса уақыт бір-бірінен көздерін алмай қарап тұрды.  

Естеріңізге сала кетейік Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында T-Mobile Arena кешенінде 17 қыркүйекте өтеді.

Боксшылардың осының алдындағы екі кездесуі де осы кешенде өткен еді. Бірінші кездесуде нәтиже тең болып, екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық жеңіске жеткен болатын.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport