Головкин мен Димаш Құдайбергеннің кездескендегі видео тарады

18 қыркүйек 2022 19:09
©Тұрар Қазанғапов

Желіде Геннадий Головкин мен Димаш Құдайбергеннің видеосы тарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны қазақстандық боксшының өкілі Жанар Өтешева жариялады. Кадрлардан Димаш Головкинмен амандасып жатқанын көруге болады.  

Димаш Құдайберген бүгін Головкин мен мексикалық Сауль Альварес жекпе-жегі алдында Қазақстан әнұранын орындаған. Одан кейін ол трибунада тілек айтып тұрған сәтінің видеосы тараған еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport