Головкин мен Деревянченконың титулды жекпе-жек алдындағы ашық жаттығуына тікелей трансляция

© vringe.com
Бүгін, 1 қазанда қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) орта салмақта IBF және IBO белбеулері үшін жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жанкүйерлер мен журналистер үшін ашық өтетін шара Қазақстан астанасының уақытымен 22:00-де басталады. Ринг Madison Square Garden аренасы маңында, далада орнатылады. 



Ашық жаттығуда екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Али Ахмедов (15-0, 11 КО) қатысады. Ол Головкин - Деревянченко андеркартында америкалық Эндрю Эрнандеспен (20-7-2, 7 КО) жұдырықтасады.

Қазақстан уақытымен Головкин - Деревянченко бокс кеші 6 қазан таңғысын басталады.