Головкин мен Ахмедовтың чемпиондық жекпе-жектеріне тікелей трансляция

18 желтоқсан 2020 15:05
Сурет: Matchroom Boxing©

Сенбі, 19 желтоқсан таңғысын Американың Холливуд қаласында қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және Али Ахмедовтың (16-0, 12 КО) қатысуымен бокс кеші өтеді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

GGG жекпе-жегі кештің басты шоуы болады. Ол польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 KO) қарсы кездесуінде орта салмақтағы чемпиондық титулын рекордты 21-ші рет қорғайды. 

Ал ісін GGG Promotions жүргізетін Ахмедов эквадорлық Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) екінші орта дивизиондағы IBO белбеуі үшін жұдырықтасады.

Шоу Қазақстан уақытымен таңғы 4-те басталады. Басты жекпе-жек 07:00-де.

Елімізде бокс кешін 04:00-ден бастап Qazaqstan және Qazsport арналары трансляциялайды.

Сонымен қоса, жекпе-жектерді DAZN стриминг қызметінде ақылы түрде мына сілтеме арқылы өтіп тамашалауға болады

Трансляцияға №1 сілтеме >>>>>>>>>

Трансляцияға №2 сілтеме >>>>>>>>>

Трансляцияға №3 сілтеме >>>>>>>>>