Головкин келесі жекпе-жегіне жаттығу лагерін бастайтынын хабарлады

© boxingscene.com
Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) келесі аптада жаттығу лагерін бастайды. Бұл туралы боксшының өзі Instagram желісі арқылы мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

GGG екінші орта салмақта WBC International Silver титулына ие тағы бір қазақстандық боксшы Али Ахмедовпен (16-0, 12 КО) Лос-Анджелесте түскен суретін жариялады. 

"Келесі аптада жаттығу лагерін бастаймыз", - деп жазыпты Головкин.

Мұндай он жылда болмаған. Геннадий Головкин жаттығу лагеріне күтпеген өзгеріс енгізді