Головкин "Канелоның" алаяқтығы туралы ашық айтты

©CBS Sports

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) титулдарының бәрін допингсіз жеңіп алғанына күмәнданады, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Мен өзгелердің жетістігін төмендетіп тастайын адам емеспін, "Канело" да көпке қол жеткізді. Бірақ бұған қалай жетті және бұл үшін не қолданғаны туралы сұрақтар бар. 

Мен мұны ойдан шығарып тұрғаным жоқ. Зертханадан шыққан нәтижелер бар. Дәрігер судың зертханалық нәтижесі барын айтты. Менен сұрағанда, мен: "Иә, мен ол алаяқтық жасады дегенге сенемін" деп жауап бердім. Егер оның командасында біреуге менің сөзім ұнамаса, ол енді өз шаруасы", - дейді Головкин. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport