Головкин "Канелоны" "боқ жейтін шыбынға" теңеді

9 қыркүйек 2022 07:53
©twitter.com/GGGBoxing

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-2-2, 39 КО) трилогия алдында айтылған намысқа тиетін сөздеріне жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварес Головкинді хамелеон деп атап, екі жүзді деп айыптаған. "Канело" қазақстандық боксшыны 2018 жылдан бері айыптап келетінін айта кетейік.

"Меніңше бәрі оңай, сен боқтық сөз, ұрыс-керіссіз, біреудің намысына тимей бокс туралы сөйлесе алмасаң. Өз деңгейіңе сәйкес болмасаң, аузыңнан ақ ит кіріп, көк ит шықса... Орыс тілінде мынадай мәтел бар: "Ара шыбынға бал тезектен жақсы екенін түсіндіре алмайды". Ол деңгейге дейін түсуге болмайды", - дейді Головкин THE FIGHT with Teddy Atlas подкастына берегн сұхбатында.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport