Головкин "Канеломен" трилогия алдында керемет сыйлық алды

©instagram.com/tomloeffler1/

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) промоутері Том Леффлер өз Instagram парақшасында GGG-дің мексикалық Сауль "Канело" Альвареске (57-2-2, 39 КО) қарсы дайындығына пайдаланып жүрген жаңа бокс қапшығын көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қапшықта қазақша ою мен "GGG Promotions" жазуы бейнеленген.

Головкин - Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұл айқас Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport