Головкин "Канеломен" жекпе-жек бойынша келіссөздің қай деңгейде екенін айтты

©Las Vegas Review-Journal

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) суперорта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) үшінші жекпе-жек бойынша келіссөз қай деңгейде екенін айтты.

"Жекпе-жек өтуі мүмкін, ештеңе өзгерген жоқ. Тек белгілі бір сұрақтар бар, олар әлі шешілмеген, оларға жауап берілген жоқ. Үшінші айқасты талқылағанбыз, бірақ, бұл бағытта ұзақ уақыттан бері ешқандай ілгерлеу болмады. Ол британиялық барлық қарсыласын жеңгендіктен сіздерге қызық. Ал мен үшін оның маңызы жоқ", - дейді Головкин британиялық Sky Sports арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар