Головкин -"Канело" трилогиясына ретростильде әзірленген бейнеролик шықты

14 қыркүйек 2022 23:26
©Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов

Matcroom Boxing промоутерлік компаниясы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес трилогиясына арнап видео әзірледі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Трилогияға жол деп аталатын роликте қос спортшының осыған дейінгі екі айқасының үзінділері көрсетілген. Ролик әдемі музыкамен әрленіп, ретростильде жасалған.

Головкин мен "Канело" трилогиясы 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді.

Еске салайық, бұл жекпе-жекте екінші орта салмақта Альвареске тиесілі IBF, WBC, WBA Super және WBO белбеулері сарапқа салынады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport