Головкин - "Канело" айқасында Димаш Құдайберген әнұранды орындайды

15 қыркүйек 2022 05:04
©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Белгілі әнші Димаш Құдайберген кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы трилогия алдында Қазақстанның әнұранын орындайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәстүр бойынша әнұрандар жекпе-жек алдында орындалады. Ал трилогия елорда уақытымен 18 қыркүйек күні таңғы уақытта басталады.

Еске салайық, QAZAQSTAN және QAZSPORT телеарналары отандасымыздың қатысуымен өтетін бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport