Головкин және Роллстың допинг-тест қорытындылары белгілі болды

Сурет: Vesti.kz. Тұрар Қазанғапов©
Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және канадалық Стив Роллстың (19-1, 10 КО) допинг-тестнің нәтижелері белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар тыйым салынған дәрмектерді қолдану бойынша жекпе-жекке дейін және одан кейін де тексерістен өткен. Екеуінің де қанынан допинг табылмады. 

Еске салайық, боксшылар 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жұдырықтасқан. Головкин төртінші раундта Роллсты нокаутқа түсіріп, канадалық карьерасында алғаш рет жеңілді.

"Головкин мен Роллсты допинг-тестінен сәтті өтуімен құттықтаймыз", - делінген Допингке еркін тестілеу қауымдастығының твиттер желісінде.