"Головкин ғана тоқтата алады". Ресейлік кәсіпқой боксшы Альварес жайлы

©ztb

Өткен аптада АҚШ-тың Лас Вегасында өткен кәсіпой бокс кешінде Сауль Альварес (57-1-2, 39 КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті. Екінші орта салмақта мексикалық былғары қолғап шебері жергілікті боксшы Калеб Плантты (21-1, 12 КО) нокаутпен ұтты. Осылайша, "Канело" екінші орта салмақта алғашқы абсолют әлем чемпионы атанды.

"Альварес пен Плант арасындағы айқас соңғы кездері бокс әлеміндегі ғаламат кездесулердің бірі болды. Көптеген жанкүйер мексикалықтың жеңілісін тіледі. Себебі әр заманда мықты боксшыға мықты қарсылас табылып отырады. Алайда "Канело" жоғары деңгейде айқасып шықты. Әлі бабында екен. Енді оны тек Геннадий Головкин ғана тоқтата алатын секілді. Бокс әлемі қос алыптың рингте қайта қолғап түйістіргендерін қалайды", - дейді ресейлік кәсіпқой боксшы Алексей Евченко.

Еске салайық, соңғы жеңісінен кейін Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен қайта кездесуіге қарсы еместігін жеткізген еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: