Головкин дивизионындағы ең мықты чемпион таңдалды

31 желтоқсан 2019 10:33
© Ed Mulholland/Matchroom Boxing USA
ТalkSPORT спорт порталының редакторы Майкл Бенсон орта салмақтағы ең мықты боксшыны таңдау бойынша дауыс беру қорытындысын твитер желісінде жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дауыс беруде орта дивизионда WBC (Franchise) және WBA (Super) титулдарына ие мексикалық Сауль "Канело" Альварес жеңді - 84,4 пайыз. 

Ал екінші 12,3 пайыз дауыс жинаған IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин. Ал америкалық Джермалл Чарло (WBC) мен Деметриус Андраде (WBO) 1,9 және 1,5 пайыздан жинады.