Головкин - Деревянченко жекп-жегін үш қайтара көрген сарапшы нақты есепті атады

Сурет: Jose Miranda/Frontproof Media
Ресейлік белгілі журналист және бокс сарапшысы Александр Беленький қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің қорытындысына қатысты өз пікірін білдірді.

"Ал, не дейін? Жекпе-жекті үшінші рет қарап шықтым. Екі төрешінің Головкин пайдасына есепті 115-112 деп жазуы таңдандырады. 114-113 есебі де оның пайдасына - мұнда бәрі қиындау. Біріншіден, алғаш көргенде менде де осындай есеп шықты. Яғни, мен бейсаналы түрде осы есепке ердім. Екіншіден, бұл ұпайларды беруге болады. Әсіресе боксшыларды көргенде. Ұмытпаңыздар мен Головкинді жақыннан көрдім: оның да беті көгереді, ал осы жекпе-жектен кейін ісіктер өте кішкентай еді.

Жалпы алғанда, менің есебім Головкин пайдасына 114-113. Бірақ мен тек қана осылай деп тұрған жоқпын", - дейді Беленький.