Головкин Альваресті ең мықты боксшы деп отыр

©Matchroom Boxing

Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Reviewjournal.com журналына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жек алдында салмақ ауыстыру туралы айтып берді.

- 168 фунттағы алғашқы айқасыңа дайындықтың не өзгешілгі бар?

- Айту қиын, бұл менің дебютім. Өте қиын жекпе-жек болатынын біліп тұрмын. Қарсыласым - чемпион, төрт белбеуі бар және осы дивизиондағы ең мықты боксшы болар. Бұл салмаққа бірінші рет өтіп отырмын. 

 - 160 фунтқа қарағанда 168 фунтта өзіңді жақсы сезінемін деп айта аласың ба?

- Жаңа салмақта сергек болатын сияқтымын. Физикалық тұрғыда дайын болып, өзімді жайлы сезінетін шығармын. Бір жағынан 160 фунтта да өзімді жайлы сезінемін. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport