Головкин әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасатын болды

© DAZN
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта бос қалған әлем чемпионы титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасында жекпе-жекті белгіледі. Бұл туралы ESPN шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді.

Головкин - Деревянченко жекпе-жегі бойынша шешім кеше, 5 тамызда, америка уақыты бойынша таңғысын қабылданды. Енді боксшылардың командалары жекпе-жек өтетін уақыт пен орынды таңдау қажет. Бұл үшін оларға 30 уақыт берілді, егер тараптар 4 қыркүйекке дейін келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді. 




IBF титулы 1 тамызда бос қалды, осы күні ұйым белбеуді мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) міндетті қарсылас Деревянченкомен келісе алмағандықтан тартып алған еді. Бұл белбеуді ол 5 мамырдан бері иеленген болатын.

Деревянченко IBF титулына міндетті қарсылас дәрежесіне ұйым ретингіндегі бірінші орынға байланысты жетті. Тізімде екінші орын бос, ал үшіншісінде Головкин көрсетілген.
Жаңалықтар