Головкин, әлде "Канело"? Трилогия алдында ең мықты боксшы кім екені айтылды

8 қыркүйек 2022 15:06
©twitter.com/BoxingNewsED

Екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес BoxRec нұсқасы бойынша P4P рейтингінде көшбасшылықты сақтап қалды. Ал екінші орынға WBA Super титулының иегері Дмитрий Бивол шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Орта салмақта WBA/IBF/IBO  титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкин сегізінші орында, ал ұлыбританиялық Тайсон Фьюри көшбасшылар тізімінен шығып қалды. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл тізім жақын арада өзгеруі ықтимал. Себебі 17 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena кешенінде трилогия өтеді, ал WBC осы кездесуге арнайы супертрофей дайындап отыр. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport